Жасанды интеллектімен жабдықталған құрылғылар санының күрт өсуі чип тапшылығына алып келді. Уоррен Баффет Bank of America акцияларын сатуды жалғастырып жатыр. Қытай қор нарығын қолдауға 340 млрд долларға дейін қаржы бөледі. Осы және өзге де тақырыптар туралы 25 қыркүйектегі әлемдік БАҚ шолуынан оқыңыз.
Әлемде чип тапшылығы туындап жатыр
Asia Financial-дың жазуынша, жасанды интеллектімен жабдықталған құрылғылар санының күрт өсуі мен басқа да бірқатар фактордың қосылуы чиптер жеткізу тізбегіне айтарлықтай қауіп төндіріп жатыр. Тиісінше, әлемде микросхемалар тапшылығы байқалып отыр. Себебі жасанды интелект барлық салада, смартфондардан бастап электрмобильдерге дейін енгізіліп жатыр.
«Жартылай өткізгіштердің жеткізу тізбегі өте күрделі және сұраныстың шамамен 20%-ға немесе...