Қазақстанда қазан айының соңында инфляция қыркүйектегі 8,3%-бен салыстырғанда, жылдық мәнде 8,5%-ға дейін өсті деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Осылайша қазанда инфляция қарқыны артып, бір жылда 8,5% (2024 жылғы қыркүйекте – 8,3%), бір айда – 0,9% құраған (өткен айда – 0,4%).
Баға динамикасы
Деректерге сүйенсек, ақылы қызметтер бағасы бір жылда 14,3% (2024 жылғы қыркүйекте – 13,6%) қымбаттаған. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,8% (2024 жылғы қыркүйекте – 7,6%), азық-түлік құны – 4,9% өсті (2024 жылғы қыркүйекте – 5,1%).
Өткен жылғы қазанмен салыстырғанда суық су – 60,3%, орталықтан жылыту – 33,6%, су бұру – 26,9%, электр энергиясы – 22,9%, ысты...