2 қараша күні кино қауымдастық өкілдері Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жариялап, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық кино студиясына» басшылық еткен азаматтарды айыптады. Осыған байланысты «Қазақфильм» президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров шағым айтушылардың сын-пікірі шындыққа сәйкес келмейді деп жауап берді.
«Құрметті киноматографтар! «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратының ауласында болған жайтқа жауап бергім келді. Мемлекет басшысына жолдаған бейнеүндеуі мен онда айтылған детальдар шындыққа сәйкес келмейді. Бұған дейін, 2 қараша күні, киноматографияшылар одағы өкілдерімен және сала ардагерлерімен осы мәселе жөнінде кездесіп, сол кезде олардың ақпараты дұрыс емес екенін түсіндірген едік. Сол кезде ардагерлер одағына басшылық ететін Асанәлі Әшімов бұл...