Қырғызстанның кейбір өңірлерінде әр төртінші бала үшін мемлекет – 100 мың сом (569 мың теңге), бесінші балаға – 600 мың (3 млн 414 мың теңге), жетінші балаға миллион сом (5 млн 690 мың теңге) төлемек. Бұл туралы Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді.
Ол қырғыз билігінің биік таулы аумақтардың тұрғындары үшін жөргекпұл енгізу туралы жоспарын бөлісті.
«Сегізінші және тоғызыншы балаға 1,5 млн сом жөргекпұл болады. Оныншы балаға 2 млн сом алады. Біз неге мұндай қадамға барып отырмыз? Осыған мәжбүр болып жатырмыз. Нарын облысы толықтай биік таулы аймаққа жатады. Демек, Нарын облысының халқы жақын...