Алматы қаласында 5 қараша сағат 10:00 шамасында жер сілкінді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Жер сілкінісінің негізгі ошағы Қазақстан шекара аумағында екені, Алматы қаласынан 33 шақырым қашықтықта орналасқаны белгілі. Қала тұрғындары толқудың 3 балл сезінсе, Талғар мен Есікте 4 балл болған.
Еуропалық сейсмологиялық орталықтың хабарлауынша, жер сілкінісінің негізгі ошағы Қазақстанның шығыс жақтағы шекарасында болған. Тереңдігі – 10 км. Магнитудасы – 4.7.
Бұған қоса, төтенше жағдайлар департаменті ғимараттарды тексеріп, мониторинг жүргізе бастады. Қалада жағдай тұрақты екені хабарланды.
31 мамырда Алматыда Mass Alert жүйесі іске қосылған. Бұл төтенше жағдайлар кезінде құлақтандыру жүйесі. Дегенмен, 5 қарашадағы жер сілкініс...