Грузияда аудандық сот сайлауда құпия дауыс беру ережесі бұзылуына байланысты 30 учаскедегі нәтиженің күшін жойды.
Істің мәні
5 қарашада өткен сот отырысында елдің оңтүстігіндегі Тетрицкарой және Цалк аудандарындағы үш кездейсоқ учаскеде тексеру жүргізген. Сот эксперименті нәтижесінде белгілі бір партияға қойылған белгі бюллетеньдердің арт жағынан көрінетіні белгілі болған. Яғни сайлау комиссиясы кімнің қандай партияға дауыс бергенін бақылап отыра алады.
Грузия Орталық сайлау комиссиясы соттың шешіміне шағымдана алады. Дегенмен сарапшылар шешімнің күші жойылатынына күмәнмен қарайды.
Шағымды кім түсірген?
Грузияның Жас заңгерлер қауымдастығы дауыс беру құпиясын бұзу туралы шағым түсірген. Бірлестік 2 мыңнан астам учаскедегі сайлау нәтижелерін жоюды талап еткен.