Еуропа Халықаралық әуежайлар кеңесі (ACI Europe) Қазақстандағы әуе компаниялары үшін алымдарды арттыруды ұсынды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Оливье Янковец Green Airports аймақтық семинары аясында айтты. Оның пайымынша, тарифтерді көтеру әуе билеттерінің бағасына әсер етпейді.
Сонымен қатар спикер Еуропадағы International Airports Council Қазақстан үкіметімен әуе индустриясын реттеу бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Осы тұста ол сала ескірген және өзгерістер мен жаңғыртуды қажет ететінін атап өтті.
«Қолданыстағы нормативтік база әуежайларды жаңғыртуды қаржыландыруға мүмкіндік бермейді. Бірінші мәселе – әуежай алымының төмендігі. Қазақстандағы әуежай алымдарын көршілес Орталық Азия республикаларымен салыстыратын болсақ, тіпті Еуропа туралы айтатын болсақ, әуежай...