Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясында бірнеше адамды қызметінен босатып, орнына Азамат Айманақұмов пен Михаил Бортник қойды. Сенат депутаттары да бір адамды қызметінен алып, орнына Ләззат Сүйіндікті тағайындады.
Ақорда ақпаратына сүйенсек, Сәбила Мұстафина мен Константин Петров қызметінен босатылған. Мұстафина комиссияда 2021 жылдан, Петров 2016 жылдан бері қызмет етіп келген. Сенат 2019 жылдан комиисия мүшесі болған Анастасия Щегорцованы жұмысын босатты.
Жаңа босаған орындарға Азамат Айманақұмов, Михаил Бортник пен Ләззат Сүйіндік тағайындалды. Айманақұмов туралы аз мәлімет бар. ОСК сайтында оның Атырау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы болғаны көрсетілген. Бортник Ақтау әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Есеп комитетінің мүшесі, Жоғары аудиторлық палатаны...