BI Group компаниясы АҚШ-та тұрғын үй сатылымы басталғанын жариялады. Қазақстандықтарға Майамидің қаржылық орталығында орналасқан пәтерлер ұсынылып отыр. Бағасы 477 мың доллардан басталады. Сондай-ақ құны 6,8 млн доллардан басталатын виллаларды сатып алу ұсынылды. Қазақстандық ірі девелоперлердің шетелдегі жобалары қайда орналасқаны және олардың қаншалықты сәтті жүзеге асырылып жатқаны жөнінде айтып бермекпіз.
«Біз бірнеше жыл қатарынан Америкаға ойысуды армандадық. Сөйтіп, екі жыл бұрын бұл арманымыз орындалды. Біз Қазақстанның аумағынан шығып, әрі қарай дамып жатырмыз». BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Майамидегі тұрғын үйлердің сатылымының басталуына арналған презентацияда осылай деп мәлімдеді.
Өткен аптада BI Group қазақстандықтарға Майамидің қаржылық орталығы Брикеллде салынып жатқан үш...