Көкшетау қаласына жаң әкім тағайындалды. Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, қалаға Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев әкім болып тағайындалған.
«Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, оның кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін ерекше атап өткен.
Сонымен бірге әкімді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары мен құрылыс салаларындағы мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс күтіп тұрғанын, оған президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру міндеттелетінін атап...