Алматы қаласының тұрғыны Александр П. қалалық муниципалды қызметтер мен қоғамдық көлік жұмыс кестесін таңғы 7:00-ден кешкі 16:00-ге дейін ауыстыруды ұсынды. Бұл бастаманы тұрғын epetition.kz платформасында жариялады.
Өзінің петициясында Александр мұндай өзгеріс күндізгі жарық уақытын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті, себебі Алматыда күн ерте батады.
Автордың пікірінше, жұмыс күні ертерек басталса, тұрғындар үйге қараңғы түспей оралуға мүмкіндік алады. Әсіресе қыс мезгілінде, Алматыда кешкі 17:00-ге қарай қараңғылық түсетін уақытта бұл ұсыныс өзекті болмақ. Александр жаңа кестенің қала өмірінің сапасына әсерін бағалау үшін пилоттық жобаны іске қосуды ұсынды.
Еске сала кетейік, уақыт белдеуін ауыстыруға қарсылық білдірген қазақстандықтар петиция жариялаған болатын...