Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ислам даму банкінің басшысы Мұхаммед Сулейман әл-Джассер 1,153 млрд долларлық келісімдерге қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан президенті Бакуде дүниежүзілік климат саммиті аясында ислам даму банкінің басшысын қабылдады. Кездесу барысында қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті. Келісім сомасы 1,153 миллиард долларды құрайды, сондай-ақ 3,5 миллион доллар көлемінде грант беріледі. Бұл – банктің 51 жылдық тарихындағы ең көлемді қаржыландыру жобасы болмақ.
Сондай-ақ, «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы бойынша қаржылық және техникалық келісімнің бірінші фазасына қол қойылды. Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның 7 облысында 8 су қоймасы мен жалпы ұзындығы 3450 шақырым...