Білім беру саласы табысты бизнес сектордың бірі саналады. Ата-аналар балаларының оқуына қаржы аямайды. Сапалы білім береміз деген орталыққа соңғы ақшасын беруге дайын. Бірақ оқу орталығын ашу үлкен дайындықты қажет етеді.
Оқу орталығын ашуды неден бастаймыз?
Алғашқы қадам — мақсат пен аудиторияны анықтау. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап табу керек:
Сіздің орталығыңыз кімге арналған? Бұл мектеп жасындағы балалар ма, әлде ересектер ме? Оқу бағыты қандай болады: тіл курсы, математика, логика, ҰБТ-ға дайындық, бағдарламалау, қаржылық сауат немесе баланың шығармашылық дамуына арналған бағдарлама ма? Оқыту форматы қандай болады? Онлайн, офлайн немесе гибрид?Екінші маңызды дүние – оқу бағдарламасы. Жоспар құру барысында...