2024 жылдың соңғы айында бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 10 күн демалып, жаңа 2025 жылдың алғашқы айында тағы 11 күн демалады. Қазақстандықтар өз демалыстарын алдын ала жоспарлай алуы үшін желтoқсан және қаңтар айларындағы мереке мен демалыс күндерінің ыңғайлы күнтізбесін ұсынамыз.
Желтoқсан айы қазақстандықтарға қосымша демалыс сыйлайды. 16 желтoқсан – Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келіп отыр, сондықтан ел тұрғындары қатарынан үш күн демалысты пайдалана алады.
Желтоқсандағы демалыс кестесі:
14 желтoқсан, сенбі: алты күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні, ал бес күндік жұмыс істейтіндер үшін – демалыс күні.
15 желтoқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні.
16 желтoқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні, барлы...