Ақтөбе облысында құлаған МИ-8 тікұшағы Кеңес Одағы тұсынан бері яғни 1988 жылдан бері пайдаланып келеді. Бұл жайлы KURSIVMEDIA редакциясына Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ұшу мерзімі 45 жыл
«Тікұшақ Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы тікұшақ зауытында 1988 жылы 24 желтоқсанда шығарылған. Тікұшақтың зауыттан құралып шығарылған күні орын алған жағдайға қатысы жоқ. Қазіргі уақытта дәл осы үлгідегі тікұшақтың бұдан ертерек шығарылған түрлері әлі күнге дейін шетел мемлекеттерінде қолданылуда»,- делінген министрлік жауабында.
Министрлік хабарлауынша, соңғы 15 жылда Қазақстан Қарулы Күштерінде Ми-8 және олардың модификацияланған тікұшақтарына қатысты 3 авиациялық апат болған. Бұл апаттардың бәрінде адам шығыны бар. Осы...