Ресейдің Азия елдерімен сауда-саттығында рубльдің үлесі артып, 43,6%-ға жеткен. Бұл туралы Ресей орталық банкінің мәліметіне сүйене отырып, РБК сайты жазады.
Қазір рубль Азия елдерінен келген импорт үшін есептескен валюталар құрылымында 43,6% үлесті иеленеді. Бұл көрсеткіш Мәскеу биржасында доллармен сауда-саттық тоқтатылуғалы бері алғаш рет 40%-дан асқан.
Азия елдерімен сауда-саттық – Ресейдің сыртқы саудасының негізгі бағыты. Азиямен саудада рубльдің қолданылуына АҚШ санкциялары, Ресейде доллар мен еуро саудасының тоқтатылуы себеп.
Ресейдің Орталық банкі валюталардың құрылымын 2019 жылдан бері жариялап келеді. Деректер географиялық бағыттар бойынша бөлінген: Азия, Америка, Африка, Еуропа, Кариб теңізі бассейні және Мұхит елдері. Есепте рубльдің «достық пейілдегі емес» елдер...