ЕуроОдақ Грузия үкіметіне бөлінген 120 млн еуродан астам қаражатты басқа мақсаттарға бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Джозеп Боррель Брюссельдегі кеңес отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Қазан айында Грузияда парламенттік сайлау өткеннен кейін, елдің қазіргі Үкіметі демократиядан кеткені белгілі болды», – деді ол.
ЕуорОдақ Грузия қарулы күштеріне жұмсалатын қолдаудың күшін жойды. Бұған қоса, үкіметке бөлінген 121 млн еуроны да жібермейтін болды. Бұл қаражат «азаматтық қоғамға және тікелей грузин халқына пайда әкелетін бағдарламаларға» бағытталады.
Бұған қоса, сайлаудың қалай өткенін зерттеу үшін Брюссель Грузияға саяси миссия жіберед...