«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 2023 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті. Былтыр қор жалпы 1,7 трлн теңгеге жуық таза кіріс алған. Таза пайдасының 7%-ын немесе 50 млрд теңгесіy «Қазақстан халқына» қорына аудармақ.
«Самұрық-Қазына» қорының жалғыз акционерінің шешімі KASE сайтында орналастырылған. Таза пайданың 50 млрд теңгесі «Қазақстан халқына» қорына аударылса, қалғаны қордың өзінде қалады.
«Таза кірістің бір бөлігі инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтер сатып алу үшін қор мен оның компанияларының иелігінде қалдырылсын», – делінген Үкімет қаулысында.
2023 жылы Қор мемлекетке жалпы сомасы 1,4 трлн теңге көлемінде төлем жасаған. Бұл...