Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тариф бағасы тағы да өседі. Тұрғын үй-коммуналдық жүйелерін жаңғырту жүріп жатқандықтан, тарифтер 2029 жылға дейін өседі. Бұл жайында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
Министр коммуналдық қызметтердің құны әлі де өсе беретінін ашық мойындады. Десе де, бақылауда ұстап отыруға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге уәде етіп отыр.
«Біз жаңғырту бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасатынын атап өттік. Тарифтерді қалай басқаруға болатыны ол басқа мәселе. Біз даму институттарының, соның ішінде Қазақстан Даму Банкінің ұзақ мерзімді ресурстары есебінен модернизациялық қаржыландырудың жаңа құралдарын енгіземіз. Бұл тарифтердің өсуін біртіндеп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көмекке мұқтаж халықтың әлеуметтік топтарын қолдау мәселелері қатар...