Алматыда балалар үйірмелері мен секциялар бағасы 60-80%-ға қымбаттайды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі жаңа қаулы қабылдауы мүмкін. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдастыратын балалар үйірмелері мен секцияларына қатысу ақысын 60-80%-ға көтеру туралы құжат Ашық НҚА порталына жарияланды. Құжаттың қоғамдық талқылауы 6 қарашада аяқталған.
Қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов бағаның өсуін инфляциямен түсіндірді. Оның айтуынша, 2016 жылдан бастап 2024 жылға дейін инфляция деңгейі 70%-дан асып кеткен.
2016 жылдың 22 желтоқсанында Алматы қаласының әкімдігі қабылдаған «Алматы қаласының білім басқармасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары көрсететін қызметтерге баға белгілеу туралы» қаулысы күшін жояды. Осы қаулыға сәйкес, музыка теориясы, ән айту және домбыра үйрету бағасы...