Енді қазақстандықтарды вакциналау кезінде Face ID технологиясы қолданылатын болады. Сонымен қатар елдегі барлық емханаларда науқастарды тіркеу үшін дәрігерлер кабинетіне камера орнатылады. Бұл жайында Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов айтты.
«Вакцинация жайына мәселесіне келер болсақ, өздеріңіз білесіздер, бұл тұрғыда мәселелер бар, яғни әлеуметтік желілерде екпе салынды немесе салынбады деген түрлі жалған хабарламалар пайда болуда. Осы түсініспеушіліктерді жою үшін біз Face ID технологиясын қолдануды жоспарлап отырмыз», – деді вице-министр ОКҚ брифингінде.
Сондай-ақ, Ербол Оспанов науқастардың емханаға келгенін тіркеу үшін дәрігерлер кабинетіне камера орнатылатынын айтады. Спикердің сөзінше, бұл пилоттық жоба ретінде басталып та кеткен, қазір Астананы...