«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» қалталы Қазақстан азаматтарының мемлекет меншігіне қайтарып берген ең қымбат зергерлік бұйымдары мен аксесуарларының тізімін жариялды. Құны – 214,4 млн.теңге болатын қол сағат, 85 миллионнан кем тұрмайтын зергерлік бұйым бүгінде компания балансында тұр.
Мәселен, мемлекет меншігіне қайтқан небәрі төрт қол сағаттың жалпы құны 283 миллион теңгеден асып жығылады.
Құны 214,4 млн теңге болатын «Ulysse Nardin classico 789-80» қол сағаты
«Ulysse Nardin classico 789-80» қол сағаты шектеулі данамен шығады. Мұндай аксесуардың әлемде небәрі 30 данасы ғана бар. Циферблаты авантюрин мен 18 карат алтыннан жасалған мүсіншелермен безендірілген. Айта кету керек мүсіншелер қолөнер туындысы. Сағат корпусы платинадан, ал бауы аллигатор...