Биыл сауда саласындағы жеке кәсіпкерлерге қолдау ретінде бюджеттен 4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекет кәсіпкерлерге екі жолмен қолдау көрсетпек. Атап айтқанда, біріншісі – пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, екіншісі – несие кепілдігін беру арқылы.
Бұл қаражат сауда нарығын жаңарту, сауда нысандарын салу және қайта жөндеу, «есік алдындағы» дүкен ашуға және бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуге бөлінеді. Алайда Астана, Алматы, Шымкент қаласындағы жобалар мен сауда-ойын сауық орталықтары бағдарламаға кірмейді.
Бағын сынап көргісі келген кәсіпкерлер кредит алу үшін банкке немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына...