Алаяқтар тұрғындарға хабарласып, «пәтерлер ұтысы» өткізіліп жатқанын хабарлайтын болған. Осы орайда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «конкурстық негізде өткізілетін пәтерлер ұтысы» туралы азаматтардың тарапынан қоңыраулар жиі түсіп жатыр.
Алаяқтар өздерін ведомство қызметкерлері ретінде таныстырып, министрлік жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып конкурстық негізде пәтерлердің ұтысын өткізетіні туралы айтып, тұрғындарға хабарласатын болған. Сонымен бірге мемлекеттік органға «қаржылай берешегі» туралы мәлімдеп, ол өтелген жағдайда азамат конкурстық негізде «пәтер алатыны» туралы жалған ақпар береді екен.
«Өз кезегінде министрлік бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Өйткені тұрғын үй беру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді әрі санаттарға сәйкес және кезекке...