Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлиндегі неміс компанияларының басшыларының алдында сөз сөйледі. Бұл турасында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы «Volkswagen», «Mann», «Siemens», «Knauf», «Bayer», «METRO» секілді жетекші неміс концерндері Қазақстанда белсенді жұмыс жасап жатқанын атап өтті. «Heidelberg Cement» және «Linde Group» корпорациялары ел экономикасына ірі көлемде қаржы құйып, табысты экономикалық ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып отыр.
Іс-шараға 20-дан астам неміс компаниясының жетекшілері қатысты. Атап айтқанда, «WILO», «CLAAS Group», «SMS Holding GmbH», «Schaeffler AG», «Airbus Defence and Space», «Linde AG», «Mangold Consulting GmbH», «Herrenknecht AG», «Knorr-Bremse AG», «Euler Hermes», «Siemens Healthineers», «John Deere», «Deutsche Bank AG», «Tönnies Holding», «BAUER COMP Holding...