Карантин кезінде Алматының ауа байсейнінегі атмосфералық ахуал біршама жақсарған. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин Алматы қаласында 19 наурызда енгізіліп, әлі күшін жойған жоқ. Карантин кезінде көшедегі көлік саны азайып, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдық көлемі төмендеген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді.
Вице-министр Экология министрлігі күн сайын Астана мен Алматы атмосферасының сапасына мониторинг жүргізетін айтып өтті.
«Алматы қаласы бойынша айтар болсақ, сараптау қаланың төтенгі жағында РМ2.5, РМ10 бөлшектерінің коцентрациясы жоғары екенін көрсетеді. ЖЭС-2, ЖЭС-3 қызметі салдарынан ауа ластанып жатыр. Сонымен бірге қаланың жоғары бөлігінде атмосферадағы ауыр газдардың, атап айтқанда, азот тотығы...