Есте болса, үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент энергетика саласына қатысты бірқатар тапсырма берген еді. Соның ішінде – дизель отыны мен битум тапшылығын болдырмау және газ өндіру жөніндегі жаңа жобалар үшін фискалдық преференцияларды пысықтау бар. Энергетика министрі Болат Ақшолақов аталған бағыттар бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтады.
Бірінің маңызы төмен, бірінікі жоғары деуге келмес, десе де көпшілікті үшінші – газ мәелесі толғандыратыны жасырын емес. Ақшолақовтың айтуынша, қазір газ өндірушілерді салықтан босату түрінде реттеушілік және фискалдық преференциялар қарастырылып отыр.
«Бұл шаралар шамамен 93,6 млрд м3 көлемінде газдың жиынтық қоры бар газ кен орындарын игеруді және 2030 жылға қарай жылына 6,7 млрд текше метр көлемінде...