Миллиардер Билл Гейтс вакцинациялау арқылы адамдарды жаппай чиптеу туралы айыптарға жауап беріп, қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кәсіпкер мұндай іспен ешқашанда айналыспағанын айтады. Бірақ Гейтс коронавирусқа қарсы вакцина халықтың қалыпты өмірге қайта оралуының жалғыз мүмкіндігі екенін ескертіп, қауіпті вирустың екінші толқынын күтетінін айтыпты. Билл Гейтс өзінің жұбайы Мелинда Гейтс екеуі коронавирусқа қарсы вакцинаны жасап шығару үшін 1 миллаирд доллардан астам қаржы бөлген.
«Қазір коронавирус Оңтүстік және Орталық Америкада өршіп тұр. Нигерия мен Оңтүстік Африкада да жұқтырғандардың саны тез өсуде. Еуропа пен АҚШ-та таралуы төмендегенімен, вирус толықтай жойылған жоқ. Тек Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия және Сингапур...