Елорданы газдандыру 2023 жылы аяқталуы тиіс-,деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
2020 жылы елордада жеке секторда 370 шақырым инженерлік газ тарату желісі салынды. Биыл Үкімет 317 шақырым газ тарату желісін аяқтауды жоспарлап отыр.
«Қазіргі таңда біз 645 шақырым газ тарату желісін салдық. Бұл Алматы және Сарыарқа аудандарында. Өздеріңіз білесіздер, жеке секторлар — «Көктал», «Көктал-1», «Көктал-2″ және агроқалашық. Онда 150 мыңнан астам адам тұрады. Алматы ауданында: оңтүстік-шығыс – оң жағы, сол жағы, одан әрі Железнодорожный, Күйгенжар, Интернациональный ауылдары өтеді. Бұл елді мекендердің барлығы яғни, жеке сектор жəне тұрғын үй массивтері біздің шет аймақтар деп аталады. Қазір инженерлік желілер белсенд...