Қазақстандық колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖ мекемелерінде «көзге түспей тұратын» аймақтар болмауы тиіс. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-нің Алқа отырысында осындай мәлімдеме жасады.
Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тиісті тәртіп қамтамасыз етілген. Қазір заман талабына сай келмейтін 2 колония жабылды. Сотталғандарды ұстау жағдайлары жақсартылды: туыстарымен бейне-қоңырау арқылы сөйлесу, интернет-дүкендерден жекелеген тауарларға тапсырыстар беру енгізілді, сәлемдемелердің салмағы көбейтіліп, телефон арқылы сөйлесудің уақыты ұзартылды. Басқа инстанцияларға электрондық өтініштер беру үшін терминалдар орнатылған.
Сотталғандардың еңбекпен қамтылу көрсеткіші 43%-дан 48%-ға дейін жақсарды, 11,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Алайда, ІІМ басшысының пікірінше, бұл жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу жолдарын түбегейлі өзгерту талап...