Ақыры Алматыда крематорий салынатын болыпты. 2020 жылдың соңына қарай Алматы жайлы қалалық орта басқармасы тендер өткізіп, крематорий салатын мердігер ретінде Mega Build Kazakhstan компаниясын таңдаған. Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әзірге елордалық крематорийдің жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлейтін компанияны ғана таңдап қойған.
Тендер – өрт!
Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, Алматы билігі 2020 жылғы 21 желтоқсанда «Mega Build Kazakhstan» ЖШС-мен 1,47 млрд теңгеге крематорий салу шартына қол қойған. Құжат бойынша жұмыс 2021 жылдың 21 қыркүйегінде аяқталуы тиіс. Сатып алу бір көзден, тікелей шарт жасасу арқылы жүзеге асырылған.
Бір залы мен екі пеші бар крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақын Сара көшесінің солтүстігі, ЖЭО-2-нің шығысына қарай...