Bloomberg агенттігі белгісіз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Қазақстан Үкіметі «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (ҚПО) халықаралық консорциумы құрылтайшыларынан 1 млрд доллар көлемінде қаржы талап етіп отырғанын хабарлады.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» – Қарашығанақ кен орнында 1997 жылдан бері соңғы өнімді бөлісу келісімі негізінде жұмыс істейтін халықаралық консорциум (оның акционерлері: Eni – 29,25%, RoyalDutchShellPlc – 29,25%, Chevron – 18, «Лукойл» – 13,5% және «ҚазМунайГаз» – 10%). Кейінгі кезде өнім бөлісу келісім жүйесі осы шарт қолданылатын елдерде қоғам сынына ұшырап жұр. ӨБК үлгісі бойынша мұнай-газ келісімдерін трансұлттық компаниялар көбінесе мұнай қорына бай, бірақ оны өздігінен игеруге қаржысы жоқ үшінші әлем елдерінің үкіметімен жасаған.