2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстан экономикасына 4,4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға көп. Қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі азайған еді.
Инвестицияның басым бөлігі – 66,2%-ы – жеке компаниялардың өз қаржысы. Бірақ былтыр бұл көрсеткіш 76,3% болған. Яғни кәсіпкерлердің өз қаражатына инвестиция салуы азайған.
Есесіне, мемлекеттен бөлінген қаражат үш есе өсіп, барлық инвестицияның 22,1%-ын құрады. Банктердің үлесі өзгеріссіз: 3,5% деңгейінде қалды.
Алайда Halyk Finance сарапшылары мұндай өзгеріске алаңдаушылық білдірген. Олар мемлекет тарапынан артық қолдау экономикаға зиян келтіруі мүмкін деп тұжырымдайды. Егер дағдарыс бола қалса...