Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченко теңгенің енгізілу тарихын, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесінің шарықтау шегі мен құлдырау кезеңі жайлы айтты.
Григорий Марченконы Қазақстан Ұлттық Банкін басқарған ең танымал тұлға десек те болады. Оған қатысты халықтың пікірі әртүрлі. Қаржыгердің жұмысына қатысты қарама-қайшы пікірлер көп. Биыл Марченко мырзаның екі еселенген мерейтойы атап өтіледі. Біріншіден, ұлттық валютаның құрылғанына 30 жыл болады. Қаржыгер 30 жыл бұрын ұлттық валютамыз – теңгенің қолданысқа енгізілуіне атсалысқан адамдардың бірі. Екіншіден, қазан айында оның Ұлттық банк төрағалығынан екінші рет кеткеніне 10 жыл толды.
Қазіргі таңда Григорий Марченко Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі қызметінде. Ол әлі де ты...