Фото: kursiv.media
Сәрсенбі күні АҚШ қор индекстері сауда-саттықты жоғары өсіммен аяқтады. Нарық өкілдері еңбек нарығының статистика деректері мен ФРЖ отырысының нәтижелерін бағалады.
Федералды резерв жүйесінің сәрсенбі күнгі отырысында федералды қорлардың пайыздық мөлшерлемесін жылдық 5,25-5,5% деңгейінде қалдырды. Шешімді ФРЖ мүшелері бірауыздан қабылдап, бұл шешім көптеген сарапшы мен экономистердің болжамымен сәйкес келді. Бұл көрсеткіш кейінгі 22 жылдағы ең жоғары деңгейде қалып отыр.
«ФРЖ қазірдің өзінде көп жұмыс атқарды, бұл ақша-несие саясатына сақтықпен қарауға алып келеді», – деді Америка Орталық банкінің төрағасы Джером Пауэлл баспасөз мәслихаты барысында.
Сонымен қатар, Пауэлл инфляцияның мақсатты 2% деңгейіне жету жолы ұзақ болатынын және...