Әйелін тұрмыстық жанжал кезінде ұрып-соғып, пышақпен жаралаған шенеунік, бұрынғы Алматы облысының Жастар саясаты басқармасының жетекшісі Жомарт Қаратас қайтадан мемлекеттік қызметке оралды.
Ол «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры қызметіне 22 қыркүйекте тағайындалған. Бұл ақпаратты орталық растады.
Әңгіменің әлқиссасына көшсек, осыдан 3 жыл бұрын Жомарт Қаратастың әйелі күйеуі қол көтергенін айтып, құзыретті органдарға шағым түсіреді. Ол күйеуінің алғашқыда телефон шнурымен сабағанын, артынша пышақпен жарақаттағанын мәлімдеген. Бірақ әйелінің жаласымен келіспеген Қаратас өзінің іссапарға кеткенін, ол күні үйде болмағанын айтып, жабылған кінәні мойындамаған. Дәл сол күні іссапарға кеткенін...