Фото: kursiv.media
АҚШ сенаторлары сейсенбі күні республикалықтар ұсынған Украинаны қоспай, тек Израильге 14,3 миллиард доллар көмек көрсету туралы заң жобасының қабылданатынына күмәнмен қарайтындарын айтты. Ал демократ-президент Джо Байден заң жобасы қабылданған жағдайда оған вето қоятынын айтқан. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Президент Джо Байден Израиль мен Украинаға көмекке, Тынық мұхиты аумағында Қытаймен бәсекелестікке және АҚШ-Мексика шекарасында қауіпсіздікті сақтау үшін қосымша көмекті 106 миллиард деп белгілеуді өтінген болатын.
Алайда Өкілдер палатасына жаңа спикер Майк Джонсон келгелі ұсынылған алғашқы заң жобасы тек Израильге қосымша қаржылай көмек көрсету туралы болған.
Өкілдер палатасында 221 орынның 212-де республикалықтар отыр. Бірақ Байденге жақтас демократтар Сенаттағы...