Талдықорған сотында Шерзат Полат қазасынан қамауға алынған кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқақтан жауап алынып жатыр.
Айта кетейік, сотталушы 2007 жылы туған. Ол қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты жасыру) бойынша айыпталып отыр.
Айтуынша, сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтың көршісі. Оқиға болған күні Тоқтаубаев хабарласып, ішімдік ішкенін айтып, көлік рөліне отыруын сұраған.
«Екеуміз Рысқұлов ауылынан Талғар қаласына түстік. Нұрбол досымды апарып тастаған соң, «сені таксиге отырғызып жіберемін» деп айтты. Досын апарып тастағаннан кейін, Нұрбол Тоқтаубаев Шыңғыс Белғожаевқа хабарласып, қай жерде екенін білді. 10-15 минут отырып қайтамыз деді. Мейрамханаға бардық. 15 минуттан кейін Нұрбол Тоқтаубаев маған келіп, «Дархан деген досымды ұрып кетіп...