BI Group холдингінің еншілес компаниясы – BI Development жетінші рет облигация шығаратынын хабарлады. Құны 2 млн АҚШ доллары болатын бағалы қағаздар 7,5% жылдық мөлшерлемемен, 24 ай мерзімге орналастырылмақ. Бұл шешім 2025 жылғы 2 мамырда өткен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған.
«Астана халықаралық биржасында (AIX) жалпы сомасы 2 000 000 АҚШ долларына жететін жетінші облигациялар траншын, жылдық 7,5% сыйақы мөлшерлемесімен, 24 айға дейінгі мерзімге шығару туралы шешім қабылданды», – делінген компанияның ресми хабарламасында.
2024 жылы BI Development KASE арқылы 15 млрд теңге және 15 млн доллар көлемінде облигациялар шығарып, қаражат тартуды көздеген. Теңгедегі облигациялар 16,75–17,25%, ал...