Елімізде жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы кезең-кезеңімен аяқталады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
«Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының 81%-ы жеңілдетілген ипотекаға өтініш берді. 2025 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы кезең-кезеңімен аяқталады», – делінген ақпаратта.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бағдарлама қатысушылары жалдау шартында көрсетілген мерзімнің аяқталуына байланысты мемлекеттік пәтерден шығып жатыр.
«17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды...