Қазіргі таңда көптеген инвестор үшін алтын сұранысқа ие. Бағалы металл өзінің «құнды» болуының арқасында бір унция үшін 2135,39 долларға жетті. Бұл туралы Вloomberg хабарлады.
Неліктен алтынның бағасы көтеріледі?
Биылғы жылдың қазан айында алтын шамамен 16%-ға қымбаттады. Бұл өсім бастапқыда Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың басталуынан туындады.
Алтын бағасы соңғы рет 2020 жылдың тамыз айында бір унция үшін 2075,47 доллар болды. Бұл жолы алтын бағасы геосаяси шиеленістің күшеюі аясында тарихи максимумға жетті. Өткен аптада ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл Орталық банктің пайыздық мөлшерлемесі «шектеулі аумақтан тыс» деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қытайдан кейінгі екінші ірі алтын тұтынушы Үндістанда бағалы металл қараша...