Ақпан айында Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік өсімі елеусіз ғана болды. Freedom Holding Corp. және S&P Global деректері негізінде PMI индексі 50,2 деңгейінде қалыптасты. Қаңтардағы 51,3 көрсеткішінен төмен. Бұл Қазақстандағы қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік баяулағанын байқатады.
Бәсекелестік күшейіп, шығындар өсті
Респонденттердің пікірінше, бәсекелестіктің артуы бизнестің дамуына кері әсерін тигізген. Сонымен қатар шығындар инфляциясы жоғары деңгейде сақталып отыр
Өндірістік шығындар үш ай қатарынан өсіп, соңғы бір жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен. Осыған байланысты көптеген компания бағаны көтеруге мәжбүр болды.
Алдағы жылға деген сенім жоғары
Жағымды жаңалық – қызмет көрсету секторының кәсіпкерлері болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды...