Алдағы уақытта ел азаматтарына банктер мен микроқаржы ұйымдарынан
қарыз алудан ерікті түрде бас тарту құқығы беріледі. Тыйым салуды «электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады.
Бұл әр адам қарыз қақпанына түспеу үшін өз-өзіне шектеу қойып, тыйым сала алады деген сөз.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты түзетулерді қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.
Несие рәсімдеуден ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат қарызды мақұлдау кезінде назарға алынады. Бұл біреудің атынан үшінші тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қарыз алуына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Азаматтар барлық операциялар туралы жеке кабинетіне келетін хабарламалар немесе SMS арқылы біліп отырады.
Дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен...