Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәлімдеуінше, әлемдегі ең бай адам Илон Масктің АҚШ әкімшілігіндегі департаменті атқарып жатқан жұмысты республикада жүзеге асыру туралы ұсыныс түсті.
Бұл туралы министр бүгін Астанада өткен брифингте мәлімдеді.
«Жасыратын ештеңесі жоқ, маған Илон Маск қазір АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінде атқарып жатқан істерін осында жүргізу жөніндегі ұсыныспен шықты. Сол жерде оның оңтайландыру мәселелерімен айналысатын департаменті бар. Ол қызметін ұсынып, идеялары бар екенін айтты.
Мен оны осында келуге шақырдым. Кел, бірге жұмыс істейік, жұмыс тобын құрамыз. Қысқартатын тұстарын тауып көр. Бірақ әлеуметтік бюджетті қысқарту өте қиын. Көпбалалы аналар, балалар, қарттар, зейнеткерлер. Біз әлеуметтік...