Туристердің қауіпсіздігі үшін енді әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка беріледі. Бұл туралы Polisia хабарлады.
Енді Қазақстанға келген әрбір шетелдік азаматқа шекаралық бақылау пункттерінде немесе әуежайда QR-коды бар арнайы карточка беріледі. Бұл QR-код туристерге қажетті ақпаратты ұсынатын SafeTravel.kz атты көп тілді электрондық порталға бағыттайды.
SafeTravel.kz порталы қандай мүмкіндіктер ұсынады?
SafeTravel.kz жүйесі туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етуге арналған. Порталда келесі маңызды ақпараттар мен қызметтер қолжетімді:
«102» мобильді қосымшасы – полициямен жедел байланыс орнатуға арналған, SOS функциясы бар; Көші-қон заңнамасы бойынша жадынама – елде болу тәртібін түсіндіретін ережелер жиынтығы; Қаланы бағдарлауға көмектесетін карта мен танымал қосымшаларға сілтемелер; Ресми...