Банктер Ұлттық қордан көмек ретінде алған қаржының 400 млрд теңгесін қайтарды

Банктер мемлекеттен қолдау ретінде алған 400 млрд теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды. Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауында болған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова осылай деп мәлімдеді.
Әбілқасымованың есебінше, қазір банк секторында жағдай тұрақты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша:
- банктердің активі 19,7%-ға немесе 61,6 трлн теңгеге өскен.
- экономиканы несиелендіру 20,9%-ға немесе 33,8 триллион теңгеге көбейді.
- бизнеске берілген кредит 18,8 трлн теңгені құрады
Агенттік төрағасының сөзінше, халықтың шамадан тыс несие алуын азайту үшін арнайы заң қабылданған. Оның аясында еліміздегі 614 мың азаматтың 210 млрд теңге көлеміндегі берешегі ішінара немес толық кешірілген.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық Банкке екінші деңгейлі банктердің алған қаржысын алуды тапсырған еді.
2017-2020 жылдар аралығында елдегі коммерциялық банктер Ұлттық қордан қаржылай көмек деп ақша алған. Ол қаржыға банк акционерлері де жауапты деген талап қойылған.