Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2023 жылы қаржыландыруға үміткер киножобаларды іріктеу үшін конкурсты қайта жариялайды. Мұндай шешім аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша бекітілді. Бұған дейін жарияланған конкурстық өтінімдерді қабылдау нәтижелері жарамсыз деп танылды. Бұл туралы Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, жаңа конкурсқа үміткерлердің құжаттары 9-29 тамыз аралығында қабылданады. Киножобалар Сараптамалық кеңес отырысында қорғау қыркүйек айының соңында өтеді. Конкурстық іріктеудің қорытындысы биыл қазан айында жарияланады.
«Біз мемлекеттік қаржы есебінен түсіріліп, кейін «ұлттық фильм» деп танылатын жобалар туралы айтып отырмыз. Сондықтан тексеру жүргізген аудиторлардың ұсыныстары мен шешімін ескеру және орындау керек. Ең алдымен, барлық рәсімдерд...