Фото: kursiv.media
Францияда сәрсенбіге қараған түні полиция жасөспірімді өлтіргеннен кейін тәртіпсіздіктер басталды, деп хабарлайды ВВС.
Париж маңындағы елді-мекенде 17 жастағы көлік жүргізушісін полиция атып өлтіреді. Полицияның іс-әрекетіне наразылық білдірген топ шеруге шығады.
Жағдайды әлеуметтік желіде тараған бейнежазба ушықтыра түседі. Шерушілерді полицияның жасөспірімді қандай жағдайда атып түсіргені туралы өтірік ақпарат таратқаны ашуландырды. Полиция өкілі жасөспірім көлікпен басып кетуге әркекет жасағаны үшін қару қолданығанын мәлімдейді. Алайда бейнежазбада ондай қарсылық көрсетпегін анық көрінеді. Осылайша шеру соңы тәртіпсіздікке ұласып, полиция қызметкерлеріне қарсы көтерілген топ ондаған көлікті өртеп жібереді.
Францияның ішкі істер министрі Джеральд Дарманин бұл жағдайды «жантүршігерлік» оқиға деп бағалайды. Ал Франция...