Фото: kursiv.media
Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл Абай облысына барады. Бұл жайлы Динара Зәкиева өзінің фейсбук парақшасында жазды.
Апат аймағына барып, балалардың жай-күйімен арнайы танысатынын айтқан ол:
«Қасым-Жомарт Кемелұлының маған артқан сенімі үлкен жауапкершілік деп білемін. Бұл – балалық шақты қорғау, отбасыларды қолдау саласындағы жағдайды жақсартуға таптырмас мүмкіндік. Бұған бар күш-жігерімді саламын», деді.
Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі уәкіл өзіне көп сұрақтар қойлып жатқанын, барлығына міндетті түрде жауап беретінін мәлімдеді. Тіпті сол үшін өзінің жеке нөмірін де қалдырды.
«Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен отбасыларға жәрдемақы тағайындау, балаларды оқыту мәселес...