Фото: kursiv.media
Мамыр айында тұрғын үй нарығында сатып алу-сату бойынша 25 588 мәміле тіркелген. 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 445) мәміле саны 18,6%-ға, ал былтырғы мамырмен салыстырғанда 16,1%-ға азайған. Осы айда баға өзгермегенімен, 2022 жылдың мамыр айымен салыстырғанда, жаңа үйлер 6 пайыз қымбаттаған. Ал қайталама нарықтағы үйлердің шаршы мерті 2,8 пайыз өскен. Жалға берілетін үйлердің бағасы бір жылда 26 пайыз өсті.
Статистика бюросының дерегі ел бойынша тұрғын үй сату-сатып алу азайғанын байқатады. Тек Астана қаласында оң динамика сақталған.
Мәміле саны бойынша көш басында Алматы, Астана қаласы, сонымен қатар, Қарағанды облысы келеді. Ал Ұлытау облысында сатылған үйлердің қатары...